Ақтауда әлеуметтік желілерде ер адамның кеңсеге қару мен граната алып келіп, әріптестерімен есеп айырысуға келгені туралы видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 30 сәуірде Жедел басқару орталығына кәсіпорын аумағында ер адамның гранатаға ұқсас затпен қорқытып жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Тексеру барысында кәсіпорын қызметкері өзімен бірге гранатаға ұқсас заттар мен қаруға ұқсас бұйымдар алып келгені анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар тексеріліп, олардың пиротехникалық бұйымдар мен пейнтбол қаруы екені алдын ала анықталды. Айналымға тыйым салынған заттар табылған жоқ.
Ер адам мас күйде болған және полицияға жеткізілген. Сот шешімімен ол есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 тәулікке қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Соңғы процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне сәйкес қабылданады.