«Ит құтырған»: Солтүстік Қазақстанда бір ауыл карантинге жабылды

/
«Ит құтырған»: Солтүстік Қазақстанда бір ауыл карантинге жабылды
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Амангелді ауылында үй жануарының құтыру дерегі тіркелді. Оқиға ветеринарлық қызметтердің жедел әрекет етуіне және шектеу шараларының енгізілуіне себеп болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Almaty.tv мәліметінше, ауру үй итінен анықталған, ол кенеттен агрессия танытып, иесіне шабуыл жасаған. Оқиғадан кейін иесі бірден ветеринарларға жүгінген, жүргізілген сараптама құтыру диагнозын растады.

Ауылда жедел түрде шектеу шаралары енгізілді: жануарларды әкетуге және сатуға тыйым салынды, сондай-ақ дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

«Шектеулер енгізілген бойда мамандар профилактикалық іс-шаралардың кешенін өткізді. Бұл – дезинфекциялық өңдеу және жануарларды құтыруға қарсы вакцинациялау. Барлығы 45 жануарға екпе жасалды. Оның ішінде 36 бас ірі қара және үй жануарлары бар», – деді ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нариман Тасболатов.

Мамандардың айтуынша, жағдай бақылауда, жаңа ауру деректері тіркелмеген. Қазіргі уақытта ауданда инфекцияның таралу қаупі жоқ.

Егер індет ошағы ұлғаймаса, шектеу шараларын екі айдан кейін алып тастау жоспарланып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары