Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты алаяқтық фактісі бойынша Р-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылдың қазанында сотталушы Р. жәбірленуші С.-тің інісінің мүгедектігі туралы біліп, оның атына 5 млн теңгеге қайтарымсыз несие ресімдеуді ұсынды. С. келісіп, сотталушыға інісінің ІІ-топтағы мүгедектігі туралы құжаттарының көшірмелерін берді. Бұдан әрі сотталушы кредитті ресімдеу үшін 300 мың теңге талап етті, жәбірленуші оған да келісіп, сол соманы берді. Сотталушы аталған соманы жеке қажеттіліктері үшін жұмсап, сол арқылы жәбірленушіге материалдық залал келтірді.
Кінә тараптардың айғақтарымен және заттай дәлелдемелермен расталады.
Жәбірленуші С. залалды өтеу және сотталушымен татуласу фактісін растап, олда іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен ҚК 68-бабының 1-бөлігі негізінде іс бойынша іс жүргізу тараптардың татуласуына және залалдың өтелуіне байланысты тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.