Өскемендегі «Казцинк» зауыты аумағында жарылыс болды (ВИДЕО)

/
Өскемендегі «Казцинк» зауыты аумағында жарылыс болды (ВИДЕО)
yk-news.kz

Өскемен қаласындағы «Казцинк» зауыты аумағында, шаң ұстау цехында шаң ұстау құрылғысынан  газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейін жану және ішінара опырылу болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ТЖМ күштерімен «Казцинк» ЖШС аумағындағы өрт оқшауланды.

Құтқарушылар толық сөндіруге дейін конструкцияларды бөлшектеу және өрт ошақтарын су құю жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілуде», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр.

ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары