«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
5 мамырда Түркістан және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, келесі жылы Алматыда көлік пен өнеркәсіп нысандарына экологиялық талап күшейеді.