ҚТЖ мамыр мерекелері кезінде пойыздарда қосымша 16 мың орын қосады

/
ҚТЖ мамыр мерекелері кезінде пойыздарда қосымша 16 мың орын қосады
ҚТЖ

Ұлттық тасымалдаушы мамыр мерекелері кезінде 16 мың қосымша орын ұсынады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық тасымалдаушы 6–11 мамыр аралығында сұранысы жоғары бағыттардағы пойыздар құрамын 175 қосымша вагонмен толықтырады. Нәтижесінде жолаушыларға шамамен 16 мың орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке кезеңінде билеттердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша орындар Астана, Алматы, Павлодар, Түркістан, Атырау, Пресногорьковская, Семей, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қазалы, Саратов, Жезқазған, Сарыағаш, Новосибирск, Өскемен, Қарағанды, Балқаш бағыттары бойынша ұсынылады.

Жолаушылар билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып ала алады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан @jolaushylar_tasymaly алуға болады. Пойыздар қозғалысы туралы өзекті мәліметтер tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-тақтада қолжетімді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары