12 мамырдан бастап Алматы облысында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы облысында KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолын орташа жөндеу аясында 1121–1186 шқ және 1194–1209 шқ аралықтарында құрылыс жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты 2026 жылғы 12 мамырдан бастап 12 шілдеге дейінгі аралықта күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін Күрті – Шабыт учаскесінде (1121–1177 шқ) көлік қозғалысы уақытша жабылады. Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады.
Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Айналма жол сызбасы қоса ұсынылады.