3,5 млрд теңге: Шетелдік инвестордың компаниядағы үлесін сатып жіберген кәсіпкер сотталды

/
3,5 млрд теңге: Шетелдік инвестордың компаниядағы үлесін сатып жіберген кәсіпкер сотталды
istockphoto.com

Бас прокуратура Швейцария инвесторы Люк Ярчик Корнелияға қатысты жасалған 3,5 миллиард теңге құрайтын алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2016 жылдың қыркүйегінде қазақстандық кәсіпкер жалған құжаттарды пайдаланып, швейцариялық инвесторға тиесілі «УК Ринком» ЖШС-ің 80% үлесін 63 миллион теңгеге заңсыз сатқаны анықталды.

Кәсіпорын Ұлытау облысында темір кен орнын игерумен айналысқан.

Соттың 2026 жылғы 27 сәуірдегі үкімімен азамат М. ҚК-тің 190 б. 4 б. 2 т.(аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Шетелдік инвестордың 3,5 миллиард теңге мөлшеріндегі азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Бас прокуратура тергеп-тексерудің жан-жақты, объективті және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етіп, нәтижесінде шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары