Бүгін Жетісу облысында 1952 жылы туған, 28 сәуір күні үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған ер адамды іздестіру жұмыы аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылып, жергілікті аумақтар тексерілді, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ер адам Талдықорған қаласынан шамамен 15 шақырым жерде, «Ұйтас» саяжай қоғамы маңынан табылды.
Құтқарушылар оны жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.