«Толық болғаным үшін полицияға шағым түсірді»: Меруерт Түсіпбаева блогердің мәлімдемесіне жауап берді (ВИДЕО)

/
«Толық болғаным үшін полицияға шағым түсірді»: Меруерт Түсіпбаева блогердің мәлімдемесіне жауап берді (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева атыраулық блогер Заидаға қатаң жауап берді. Өнер иесі желіде тараған ақпаратты “жалған” деп атап, мәселенің заң аясында қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түсіпбаеваның сөзінше, блогер тарапынан айтылған айыптаулар шындыққа жанаспайды. Ол құқық қорғау органдарының ешқандай хабарласпағанын алға тартып, нақты дәлел талап етті.

“Жалған ақпарат таратқаны үшін енді бәрі күрделене түседі. Қалғанын адвокаттар шешеді. Алматы полициясы қайда, кім хабарласты дейді? Аты-жөні бар ма? Қазір ешбір құзырлы орган бұлай істемейді. Қайдағы полиция, қайдағы сот?! Дәлелдесін сөздерін!” – деді әнші.

Сонымен қатар, ол блогерді қасақана жала жапты деп айыптап, адвокаттарының барлық пікірлерді тіркеп жатқанын жеткізді. Айтуынша, жағдай сотқа дейін жетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін атыраулық блогер Заида әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты арыз түскенін мәлімдеген. Оның айтуынша, оған Алматы қаласынан полиция қызметкері хабарласып, шағым Меруерт Түсіпбаева тарапынан жазылғанын жеткізген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар