Ақмола облысында республикалық маңызы бар «Көкшетау – Атбасар» автожолының 0-21 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарына 15 бірлік арнайы техника және 20 маман жұмылдырылған.
Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:
– 5335,867 текше метр көлемінде жолдағы ақаулы жерлер жойылды;
– 20,156 шақырымда қолданыстағы асфальтбетон жамылғысы жонылды;
– 20 шақырым аумақта ресайклинг жұмыстары жүргізілді;
– 18,8 шақырымда қалыңдығы 9 см болатын төменгі қабат жабыны төселді;
– 0,5 шақырымда қалыңдығы 5 см жоғарғы қабат жабыны төселді;
– 2 дана су өткізу құбыры орнатылды;
– 10,7 шақырым аумақта құм-қиыршық тас қоспасынан қалыңдығы 0,25 м болатын төменгі негіз қабаты төселді.
Қазір жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.
Орташа жөндеу жұмыстары жолдың сапасын ұстап тұруға, сондай-ақ жол пайдаланушыларға қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.