Полиция көлік жүргізушілеріне қатаң ескерту жасады

/
Полиция көлік жүргізушілеріне қатаң ескерту жасады
Polisia.kz

Елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы тәртіпті күшейту мақсатында жоспарлы түрде ауқымды профилактикалық рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұндай шаралар бұған дейін де жүргізілді және алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Оның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Бүгін еліміздің бес өңірінде, яғни Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында "Құқық бұзушылыққа жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолда жүру қағидаларын бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталып, жолы кесілді.

Оның ішінде:

– масаң күйде және жүргізу құқығынсыз көлік басқарудың шамамен 500 дерегі;

– жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін, яғни қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың шамамен 300 ге жуық өрескел құқық бұзушылықтың алдын алды;

– жүргізушінің қауіпті әрекеттерінің, оның ішінде көлік жүргізу кезінде телефон қолданудың 800-ден астам дерегінің жолы кесілді.

Жалпы алғанда, мамандандырылған айып тұрағына 2,8 мыңнан астам автокөлік қойылып, 450-ден астам мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.

Әрбір тоқтатылған құқық бұзушылық — алдын алынған апат, сақталған бір өмір мен аман қалған денсаулық. Мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары