Елордада Ұлттық ұлан солисі ерекше форматта концерт өткізді

/
Елордада Ұлттық ұлан солисі ерекше форматта концерт өткізді
Ұлттық ұлан

Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония концерт залында Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің солисі Асхат Әмірғалидің «Биіктік» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сахнада бардтық, патриоттық және лирикалық жанрдағы әндер жанды дауыста орындалып, концерт Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің кәсіби сүйемелдеуімен жоғары деңгейде өрбіді.

Шығармашылық кешке арнайы шақырылған өнер майталмандары Нұрлан Өнербаев, Ақбота Керімбекова, Ұлықпан Жолдасов, Абыл Аяш, Асылбек Манап, сондай-ақ Ұлттық ұлан сапындағы әріптестері Ғайни Жұмашева, Нұрсұлтан Қарабалиев және Дәуір тобы өнер көрсетіп, кештің мазмұнын айшықтай түсті.

Лейтенант Асхат Әмірғали — халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Ол Ұлттық ұланның өнер ұжымында абыройлы қызмет атқарып, ел көлеміндегі мәдени іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Кеш соңында көпшілік ықыласына ие болған «Сәйгүлік» әні шырқалып, концерт әсерлі нотада қорытындыланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары