Түркістанда 9 айлық сәби ине жұтып қойған

/
Түркістанда 9 айлық сәби ине жұтып қойған
istockphoto.com

Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Тез арада аурухана мамандары — хирург Темірбеков Мұхагали және эндоскопист Ырысқұлов Бабыр эндоскопиялық әдісті қолдана отырып, рентгенологиялық тексеру жүргізді. Нәтижесінде бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтап, өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті түрде алып шықты.

Медициналық көмек жедел әрі кәсіби көрсетілуінің нәтижесінде ықтимал асқынулардың алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды.

Қазір баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.

Дәрігерлер, ата-аналарға балалардың қолы жететін жерде ұсақ әрі өткір заттарды қалдырмауды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары