Алматыда 840 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді

/
Алматыда 840 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді
Polisia.kz

Алматы қаласында мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Алко-стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, бір күннің өзінде қаланың әртүрлі аудандарында спирттік ішімдіктердің ірі партиялары тәркіленіп, алынған өнімнің жалпы көлемі 840 литрден асқан.

Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, "Алко-стоп" жедел-профилактикалық іс-шарасы ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Осыған байланысты алкоголь өнімдерін сату үдерісіне және азаматтардың қоғамдық орындардағы тәртібіне бақылау күшейтілген. Әсіресе жастар арасындағы профилактикаға және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың алдын алуға басымдық берілуде.

Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары