Продюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейінгі жағдайы туралы айтып, операцияның сәтті өткенін мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Иә, елдер түк емес дейді. Біраз жылдар бұрын бір абысыным наркоздан қайта оянбап еді. Содан кейін Алматыда тағы бір абысынымыздың өттегі тасын лазермен алғанда, қиқымы қалып қойып іріңдеп, өмірден өткен. Сол себепті қорқынышпен жүрмін. 99 пайызының отасы сәтті шыққанымен, бірі дұрыс болмай жатады. Аллаға сансыз шүкірлер, сәтті өтті!
Әуелі Алланың қалауы, екінші сіздердің дұғаларыңыз міндетті түрде Алланың құлағына шалынды. Рақмет!
Дәрігер айтқандай өтім қалды, тас алынды. Наркоздың күші жәймен тарап жатыр. Көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, бір оянып жатырмын. Қазір әлсіздік»», – деді ол.