Бүгін – Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл

/
Бүгін – Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаушы, көрнекті композитор, дирижер әрі музыка зерттеушісі Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ахмет Жұбанов қазақ музыкасын күрделі аспаптық және симфониялық шығармалармен байытты. Ол композитор Латиф Хамидимен бірлесіп «Абай» және «Төлеген Тоқтаров» операларын, сондай-ақ кейін қызы Ғазиза Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» операсын жазды.

Біртуар тұлға бірнеше буын өнер саласы мамандарын тәрбиелеуге де өлшеусіз үлес қосты.

Айтулы күнге орай назарларыңызға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында түсірілген бейнематериалды ұсынамыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары