«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
29 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана, күндіз Өскемен, Семей қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.