Тұтас бір дәуір көшті: Шымкентте Жеңіс күнін алғаш рет ардагерлерсіз қарсы алады

/
Тұтас бір дәуір көшті: Шымкентте Жеңіс күнін алғаш рет ардагерлерсіз қарсы алады
pixabay.com

Шымкентте 2026 жылы Жеңіс күні алғаш рет Ұлы Отан соғысының ардагерлерінсіз атап өтіледі. Өкінішке қарай, қаладағы майдангерлердің барлығы өмірден озған, деп turkystan.kz тілшісі Otyrar телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Жеңістің 81 жылдығын Шымкент тұрғындары соғыс ардагерлерінсіз қарсы алмақ. Өткен жылы қалада бұл мерекені екі ардагер – Нина Мосунова мен Мұратәлі Төлепбергенұлы қарсы алған еді. Алайда бір жыл ішінде екі ардагер де дүниеден өтті.

Олардың өмірден өтуімен тұтас бір дәуір аяқталды. Бүгінде Шымкентте майдангерлердің ерлігі туралы естеліктерді олардың ұрпақтары мен қала тұрғындары сақтап келеді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар