"Ата-анамен бірге тұрсаң, жеке шекара атымен жоқ": Әйелі үшін бөлек шыққан еркектің әрекеті желіні шулатты

/
"Ата-анамен бірге тұрсаң, жеке шекара атымен жоқ": Әйелі үшін бөлек шыққан еркектің әрекеті желіні шулатты
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ата-анасымен бірге тұрған ер адамның отбасылық тәжірибесі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видео авторының айтуынша, ол жұбайымен қарым-қатынасын жақсарту үшін бөлек шығуға шешім қабылдаған. Оның пікірінше, ата-анамен бірге тұру ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністікке кері әсер етеді.

"Әйеліммен қарым-қатынасымды түзету үшін бөлек кеттім. Себебі ата-анамен бірге тұрсаң, жұбайыңмен толық үйлесім табу қиын екенін түсіндім", – дейді ол.

Ер адамның сөзінше, ортақ үйдегі басты қиындықтардың бірі – жеке шекараның болмауы. 

"Енді жақындасаң, бөлмеге рұқсатсыз кіріп кетеді, жеке шекара деген атымен жоқ. Күнде саған әйеліңді жамандайды: ыдыс-аяқты дұрыс жумады, тамақты дұрыс пісірмеді, үйді дұрыс жинамады, қонақты дұрыс күтпеді деген әңгімелер бітпейді. Осындай сөздермен миыңды шірітіп тастайды. Сол күйде барып, таңға дейін әйеліңнің миын ашытасың", – деді ол.

Сондай-ақ ол бірге тұрған кезде қаржылық және тұрмыстық еркіндік шектелетінін атап өткен. 

"Осындай көңіл-күйде жүргенде сенде ақша да болмайды. Ақша болмаған соң ешқайда қыдырта алмайсың, сыйлық та сыйлай алмайсың. Ал әйеліңе сыйлық әперсең, анаң ренжиді, қарындасың ренжиді. Әйеліңе алғаннан кейін оларға да әперу керек. Бәріне ақшаң жетпеген соң, әйелің де сыйлықсыз қалады", – деді ол.

Автор бес жыл бойы ата-анасымен бірге тұрғанын, осы кезеңде көптеген қиындықтарды бастан өткергенін жеткізді. Соның нәтижесінде ол жеке өмір мен еркіндік үшін бөлек шығуды жөн көрген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары