Мас күйінде туған ағасын сабаған азамат жауапқа тартылды

/
Мас күйінде туған ағасын сабаған азамат жауапқа тартылды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық соты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша азамат Г-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың наурызында сотталушы өзінің інісі – жәбірленуші Б-нің үйіне масаң күйінде барған. Інісінің жағдайын көргеннен кейін, жәбірленуші Б. оған ақыл айтып, ата-анасы көрмей тұрғанда үйіне баруды талап еткен. Сотталушы Б. ренжіп, жәбірленушінің көз аймағына соққы берген. Жәбірленуші есін жиғанша, сотталушы оның бет пен бас аймағына тағы бірнеше соққы беріп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, ағасымен татуласқанын хабарлады.

Жәбірленуші Г-ні кешіретінін және олардың татуласқанын айтты.

Сот кінәні мойындауды, өкінуді және кәмелетке толмаған баланың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен Г. ҚК 108-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары