Семейде дәрігерлер науқастан салмағы 6 келіден асатын ісікті алып тастады

/
Семейде дәрігерлер науқастан салмағы 6 келіден асатын ісікті алып тастады
Ядролық медицина және онкология орталығы

Ядролық медицина және онкология орталығында 47 жастағы пациенттен диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6 килограмнан асатын ісікті сәтті алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталықтың мәлметінше, аталған жағдай кейбір аурулардың қаншалықты жасырын түрде дамитынын тағы бір рет дәлелдейді. Бірнеше жыл бойы әйел адам гинекологқа профилактикалық тексеруден өтпеген, себебі ешқандай шағымы болмаған. Тек осы жылдың ақпан айында, пневмониямен қаланың бір клиникасына түскен кезде жүргізілген тексерулер барысында ірі өскін анықталған. Осыдан кейін пациентка қосымша тексеру мен ем алу үшін біздің Орталыққа жолдама берілген. Орталыққа келген кезде ол ішінің үлкеюіне және тәбетінің төмендеуіне шағымданған.

«Орталығымызға келген пациентке тексеру кезеңінде дәрігерлер лапароцентез жүргізді — бұл жарақаты аз процедура, оның барысында құрсақ қуысынан шамамен 7 литр сұйықтық алынып, пациенттің жағдайы жеңілдетілді. Одан кейін бірнеше сағатқа созылған күрделі ота барысында хирургтар диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6200 грамм ісікті алып тастады. Негізгі диагноз — сол жақ аналық бездің муцинозды шекаралық ісігі. Мұндай эпителиалдық жаңа өскін ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз дамуы мүмкін. Дәл осы жағдай біздің пациентте де байқалды: ол қалыпты өмір сүріп, денсаулығындағы күрделі мәселе туралы білмеген.

Хирургиялық араласу — үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесі. Негізгі ота жасаған хирург — маммология және гинекология бөлімшесінің аға ординаторы Асем Чалдыбаева, ассистент — сол бөлімшенің дәрігері Зауре Кенжекова. Сонымен қатар операцияның сәтті өтуіне анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің мамандары, атап айтқанда анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бауыржан Никомбаев үлкен үлес қосты», — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары