«Миымды жаман ойлар торлап алды»: Гүлзира Айдарбековаға ота жасалынбақ

/
«Миымды жаман ойлар торлап алды»: Гүлзира Айдарбековаға ота жасалынбақ
Скриншот

Продюсер Гүлзира Айдарбекова өзіне ота жасалатынын айтып, көпшіліктен сәттілік пен дұға тілеуін сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, ота өттегі үлкен тастарды алдыртуға арналған.

«Пенде болған соң уайымсыз болмаймыз ғой. Бұйыртса өтімді қалдырып, үлкен тастарды алдыртуға жолға шығып жатырмын. Ертең ота жасалу керек. Кеше балаларымммен қыдыруға шығып бара жатып, ойлап қоямын «мен неге сонша сәнделіп киініп жатырмын, бой түзеп жатқан жоқпын ба, операция кезінде наркоздан оянбай қалмаймын ба, әр затыма қызығушылықпен, қимастықпен қарап кеттім ба, неге миымды қорқынышты жаман ойлар торлап алды» деп өзімнен-өзім көңлім әр нәрсеге босаумен жүрдім.

Көпшілік дұғасын Алла еш қалдырмайды ғой. Сіздер де сәттілік тілеп кетіңіздерш! Менің, өмірімнің бір бөлшегі, бар сырымды ақтарар оқырмандарым!», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары