Ақтауда ұландықтар арасында жекпе-жек ұрысынан чемпионат басталды

/
Ақтауда ұландықтар арасында жекпе-жек ұрысынан чемпионат басталды
Ұлттық ұлан

Ақтаудағы «Бесшоқы» спорт кешенінде Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері арасында жекпе-жек ұрысынан чемпионат өз жалауын көтерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жарысқа Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал гарнизондарынан жасақталған 6 команда, 50-ге жуық спортшы қатысуда. Чемпионаттың мақсаты – әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын арттыру, жекпе-жек ұрыс тәсілдерін жетілдіру және үздік спортшыларды анықтау.

Жарыстың алғашқы күнінен-ақ қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізуде. Әрбір кездесу әскери тәртіп пен төзімділіктің, ептілік пен күштің нағыз сынға түскен алаңына айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ертең финалдық кездесулер өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Үздік шыққан спортшылар мамыр айында Петропавл қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының біріншілігінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары