Полиция алаяқтықтың кең таралған түрі туралы ескертті

/
Полиция алаяқтықтың кең таралған түрі туралы ескертті
istockphoto.com

Қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі – дропперлік. Бұл – өз банк картасын немесе есепшотын үшінші тұлғаларға пайдалану арқылы заңсыз ақша айналымына қатысу, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыскерлер азаматтарды «оңай табыс» немесе «картаңа ақша қабылдап бер, аз уақыт ішінде пайда табасың» деген жалған ұсыныстар арқылы алдайды. Мұндай ұсыныстар сырттай қауіпсіз көрінуі мүмкін, бірақ олардың артында қылмыстық әрекеттер жатыр.

Полиция ескертеді:

Банктер күмәнді қаржылық операцияларды бақылайды.

Қысқа уақыт аралығындағы жиі аударымдар, әртүрлі тұлғалардан қаражаттың түсуі немесе алаяқтықпен байланысты шоттар анықталған жағдайда, келесі шаралар қабылданады:

– есепшотқа қызмет көрсету уақытша тоқтатылады;

– операцияларға түсініктеме мен құжаттар талап етіледі;

– шоттағы барлық қаражат бұғатталуы мүмкін;

– материалдар құқық қорғау органдарына – полицияға жолданады;

– тұлға банктің «қара тізіміне» енгізіледі .

Нәтижесінде азамат банктік қызметтерді пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

  • айыппұл;
  • мүліктің тәркіленуі;
  • 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Еске саламыз: дропперлік – қылмыс. «Оңай ақша» ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және қаржылық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары