Атырауда көпірден өзенге секірген 15 жастағы қыз құтқарылды

/
Атырауда көпірден өзенге секірген 15 жастағы қыз құтқарылды
ТЖМ

Бүгін 112 пультіне Атырау қаласында Жайық өзені үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен қыздың суға секіргені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына өзен жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен заманауи Marlin құтқару қайығымен жедел құтқарушылар жіберілді. Олар шамамен 4 шақырым қашықтықты 4 минут ішінде еңсеріп, оқиға орнына дер кезінде жетті.

Су бетінде құтқарушылар қызды көпірден ағыс алып кеткен күйде, шамамен 800 метр қашықтықта анықтады. Құтқарушылардың бірі суға секіріп, оны ұстап тұрды, ал қалғандары құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа шығарды.

2011 жылы туған бойжеткен жағаға жеткізіліп, жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары