Атырау облысында 8 жастағы баланы автобус қағып кетті

/
Атырау облысында 8 жастағы баланы автобус қағып кетті
Скриншот

24 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Атырау-Дамба тас жолының бойында жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz «АқЖайыққа» сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Yutong қоғамдық көлігінің 62 жастағы жүргізуші 2018 жылы туған баланы қағып кеткен.

Бала жедел жәрдем көмегімен Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, оқиға бойынша тиісті материалдар жинауда.

Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары