5-сынып оқушысы Тұрман Аманжол наурыз айында Сингапурда өткен FIRST LEGO League Singapore 2026 халықаралық робототехника чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсетіп, 2-орын иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Аманжол Central Asia FIRST Championship 2026 Азия чемпионатында 3-орын алып, өз командасына Қытайдың Бейжің қаласында өтетін FLL China Champion 2026 жарысына қатысуға жолдама жеңіп алған болатын. Аталған беделді халықаралық турнирде ол тағы да Қазақстанның робототехника командасы атынан сынға түседі.
Сондай-ақ өткен жылы Аманжол XCEL жеке жарыстарында Pobotixcel бағыты бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 1-орынды жеңіп алды.