Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің уақытша тоқтатылуы ұзартылды

/
Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің уақытша тоқтатылуы ұзартылды
Air Astana

Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуекомпания әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтаруды немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады. Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.

Әуекомпания өңірдегі жағдайды жіті бақылап, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар