Солтүстік Қазақстанда кәріз жүйесін жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

/
Солтүстік Қазақстанда кәріз жүйесін жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында кәріз сорғы станциясын жөндеу барысында екі жұмысшының өмірі қиылды. Бұл туралы HALYQSTAN Telegram арнасы хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Қайғылы оқиға Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, мердігер ұйымның қызметкерлері станция ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде төтенше жағдай орын алған.

Оқиғаға байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын мәлімдеді.

Болжам бойынша, жұмысшылар метан мен күкіртсутегі газынан уланған болуы мүмкін. Қаза тапқандардың тәжірибелі мамандар екені айтылып отыр. Олардың бірі 48 жаста, екіншісі 50 жасқа толуына аз уақыт қалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары