Шығыс Қазақстан облысы Үлкен-Нарын ауданы Кіші Нарым ауылында 1941 жылы туған ер адам жоғалып кетті. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері, сондай-ақ туыстары жұмылдырылды. Іздеу тобы бірнеше топқа бөлініп, қолжетімділігі қиын аумақтарды және жақын маңдағы су айдындарын тексерді.
Іздеу жұмыстарының нәтижесінде ер адам ауыл шетінде табылды. Оны медицина қызметкерлері тексерді.