ШҚО-да 7 гектар аумақтағы шөп өртеніп кетті

/
ШҚО-да 7 гектар аумақтағы шөп өртеніп кетті
ТЖМ

ШҚО Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінің батыс шетінде ашық аумақта құрғақ шөптің жанып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, желдің екпіні салдарынан өрт тез таралған.

Усть-Таловка кентінің «Ауыл құтқарушылары» қызметкерлері мен ТЖМ күштері жедел жетіп, өртті 7 гектар аумақта сөндірді.

Жақын орналасқан өрт сөндіру бекетінің жедел келуінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары