Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Бұл туралы Президент Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз.
Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Атап айтқанда:
- су тапшылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару;
- шөлейттену;
- мұздықтардың еруі;
- ауаның ластануы;
- биоалуантүрліліктің жойылу қаупі.
Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін.
Жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын заман өтті, шешім қабылдайтын уақыт келді», - деді Президент.