Мемлекет басшысы: Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс

/
Мемлекет басшысы: Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс
istockphoto.com

Президент Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында жаһандық экологиялық саясат әділ әрі теңгерімді болуы керектігін мәлімдеп, дамушы елдердің мүддесін ескеруге және мемлекеттерді айыптаудан гөрі ынтымақтастықты күшейтуге шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Менің ойымша, экология мәселесінде таңдаулыларға басымдық беру әбестік.

Көп жағдайда экологиялық күн тәртібін әзірлеу немесе қалыптастыру барысында түрлі аймақтар мен елдердің, әсіресе, экономикалық әлеуетін нығайтуға ден қойған дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері мүлдем ескерілмейді.

Алайда дамыған елдер қазіргі экологиялық стандарттарға индустрияландырудың ұзаққа созылған үдерісінің нәтижесінде жеткенін естен шығармайық.

Сондықтан жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс.

Баршамыз ақылға қонымды, мұқият ойластырылған прагматикалық тәсілге жүгінуіміз керек. Сонда ғана мемлекеттер орнықты даму қағидаттарына сай алға жылжып, өзінің экономикалық өсімі мен прогресіне қауіп төндірмейді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бізді бөлмей, керісінше бір мақсатқа біріктіруге тиіс.

Ешкім бір-бірін жария түрде айыптамауы, өзгеден мін іздемеуі қажет.

Бейбітшілік пен орнықты дамуға мүдделі серіктестер ретінде жауапкершілікті сезініп, нақты әрекет еткеніміз дұрыс», - деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар