«Сотқа жүгінемін»: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаеваға қатысты пікір білдірді

/
«Сотқа жүгінемін»: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаеваға қатысты пікір білдірді
коллаж: turkystan.kz

Шахматшы Жансая Әбдімәлік үш дүркін блиц бойынша әлем чемпионы Бибісара Асаубаевамен тағы бір жанжал туындаған жағдайда сотқа жүгінуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

— Сол қақтығыстар болған кезде мен аса ештеңе айтқан жоқпын, айтатын сөзім көп болса да. Мен жай ғана шешім қабылдадым: егер болашақта тағы да осындай жағдайлар қайталанса —адвокаттарыммен бірден сотқа жүгінеміз. Өйткені ол әр жолы мен туралы айтатын жалаға... тіпті қалай атауды да білмеймін. Бұл енді күлкілі болып кетті, бұл бір тәуелділік сияқты. Мен үш жылдан бері шахматта емеспін, бірақ әлі күнге дейін бірдеңелер қайта шығып жатады, — деді шахматшы Kana Beisekeyev YouTube-арнасында берген сұхбатында.

Айта кетейк, Әбдімәлік пен Асаубаева арасындағы текетірес 2021 жылдың шілдесінде, ФИДЕ әлем кубогі кезінде басталған. Сол кезде Асаубаева тай-брейкте жеңіске жеткен. Алайда жанжал 2022 жылдың жазында Асаубаеваның шахмат федерациясы басшылығына қатысты «үш миллиард» сұралды деген жария айыптауларынан кейін ушыға түсті. Бұл мәлімдемені Абдумалик үзілді-кесілді жоққа шығарған.

Келіспеушіліктің жаңа толқыны 2023 жылдың наурызында Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при кезеңі барысында туындады. Турнир жағдайының нашарлығына байланысты Абдумалик жарыстан бас тартқаннан кейін, Асаубаева оны «эгоизм» үшін айыптап, ұзаққа созылған медиялық қақтығысты одан әрі күшейтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар