6 жастағы бала Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды

/
6 жастағы бала Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды
brizmaker/Getty Images

Бүгін, 21 сәуір күні Астанада қайғылы жағдай тіркелді. 6 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға Н. Тілендиев даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Бала 13-қабаттан құлап кеткен. Қайғылы жағдай кезінде ересектер ас үйде болған, ал бала бөлмеде қараусыз қалған.

"Бала балкон терезесі арқылы сыртқа шығып кетіп, биіктіктен құлаған. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздікке ерекше мән беруге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары