Статистика: Қазақстанда қанша мәдени мекеме бар?

/
Статистика: Қазақстанда қанша мәдени мекеме бар?
istockphoto.com

2025 жылы концерт ұйымдары өткізген іс-шаралар саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 21,6% артты, театрлар өткізген іс-шаралар саны 6% көбейді, кітапханаларда – 4,9%, ал мәдени-демалыс ұйымдарында 3,6% өскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылмен салыстырғанда келушілер санының ең жоғары өсімі 2025 жылы концерт ұйымдарында байқалды – 10%, ойын-сауық және демалыс саябақтарында – 7,1%, мәдени-демалыс ұйымдарында – 3,9%, театрға барушылар 2,5%, ал музейлерге барғандар саны 1,8% артқан.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір елімізде:

3 912 – қоғамдық кітапхана,

3 054 – мәдени-демалыс ұйымы,

286 – мұражай,

254 – демалыс саябағы,

85 – театр,

67 – концерт ұйымы,

8 – хайуанаттар бағы,

5 – цирк бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары