Абай ауданында қолға алынған жобаның иесі Alisha Group компаниясы. Инвестицияның жалпы көлемі 800 млн теңге, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өндірістік инфрақұрылымға мал сою бекеті, қайта өңдеу цехтары, консервілеу желісі, сондай-ақ компанияның өзіне тиесілі қой шаруашылығы фермасы кіреді.
Кәсіпорын тәулігіне 300 басқа дейін ұсақ мал және 50 бас ірі қара өңдеуге қуатты. Алғашқы кезеңде шикізат жергілікті фермерлерден сатып алынады, бұл ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қосымша өткізу нарығы болмақ. Кейін компания өз мал басын көбейтуді жоспарлап отыр, бұл шикізат базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
«Жоғары сапа стандарттарын сақтай отырып, біз салқындатылған және мұздатылған ет, ет консервілері, вакуумдық қаптамадағы өнімдер өндіретін боламыз. Өнімдер халал талаптарына және азық-түлік қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сай болады. Бұл тек Қазақстан нарығына ғана емес, сонымен қатар Парсы шығанағы елдеріне, Еуропа мен Қытайға экспорттауға жол ашады. Жобаның әлеуеті өте жоғары», – деді Alisha Group компаниясының бас директоры Рустам Калиев.
Алдағы уақытта компания етті терең өңдеуге басымдық бере отырып, өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл өнім түрлерін көбейтіп, қосылған құнды арттыруға және өндірістік қуатты арттырады.
Қазір 500 бас ірі қара мен 3000 бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңын салу үшін қажетті құжаттар дайындалуда.