Астана көшелері бес күнге жабылады

/
Астана көшелері бес күнге жабылады
istockphoto.com

Астана қаласында халықаралық іс-шараларға байланысты бес күнге көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні туралы ескерту жасады.

«2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында Астана қаласында бірқатар халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты елорданың кейбір көшелерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі», – делінген хабарламада.

Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтетін кезеңде қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары