Жамбыл облысында 9-сынып оқитын екі баланың мәйіті табылды

/
Жамбыл облысында 9-сынып оқитын екі баланың мәйіті табылды
КТК

Жамбыл облысының Қаракемер ауылындағы үйлердің бірінің сарайынан екі жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі бала да 9-сынып оқушылары. Олар әртүрлі мектептерде оқығанымен, дос болған. Алдын ала нұсқа бойынша, екеуі де өз-өзіне қол жұмсаған.

Жамбыл облысы бойынша омбудсменнің айтуынша, тексеріс барысында олардың екеуі де жағдайы жақсы, көпбалалы отбасылардан шыққаны анықталған. Жақындарының сөзінше, мұндай қадамға баруына айқын себеп болмаған.

Жағдайды өңір әкімі өз бақылауына алды. Елді мекенге балалар омбудсмені мен білім басқармасының басшылығы келді. Қаза болғандардың сыныптастарымен және олардың ата-аналарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

«Қордай ауданында болған суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары