Астанадағы тағы бір көпқабатты үйден өрт шықты

/
Астанадағы тағы бір көпқабатты үйден өрт шықты
depositphotos.com

Астананың Нұра ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің электр қалқаншасынан өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

13 сәуір, дүйсенбі күні кешкі уақытта құтқарушылар Күлтегін көшесіндегі он қабатты үйде шыққан өртті сөндіруге кіріскен. Алғашқы бөлімшелер жеткен сәтте кіреберісте қалың түтін байқалған.

Өрт сөндірушілер дереу өрт ошақтарына су жіберіп, жалынды толықтай ауыздықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған. Су беру үздіксіз қамтамасыз етіліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары қатар жүргізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайлар қызметінің 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Кейін ведомство өрттің толық сөндірілгенін мәлімдеді. Құтқару жұмыстары барысында автосатының көмегімен 3 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылған. Сонымен қатар, баспалдақ арқылы арнайы құтқару қалпақшаларын пайдаланып тағы 3 адам, оның ішінде 1 бала қауіпсіз жерге шығарылған.

Нақты мәліметтерге сәйкес, өрт электр қалқаншасының шахтасында бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін таралған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар