Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек сәбилі болды (ФОТО)

/
Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек сәбилі болды (ФОТО)
instagram.com/nauatbeka. Суретте: Ақмарал Науатбек

Қазақстандық пара дзюдо шебері, Ақмарал Науатбек қуанышты жаңалығымен бөлісті. Париж Паралимпиадасының чемпионы сәбилі болғанын өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшының кәсіби жолы ерте басталған. Ол небәрі 11 жасынан бастап дзюдомен жүйелі түрде айналысып, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында (2017-2019) өнер көрсетіп, жоғары деңгейін дәлелдеген.

2021 жылы көру қабілетінің төмендеуіне байланысты Ақмарал пара дзюдоға ауысып, спорттағы жаңа кезеңін бастады. Бұл шешім оның халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашты.

Айта кетейік, 2024 жылғы Париж Паралимпиадасы барысында Ақмарал Науатбек алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихында маңызды жеңістердің бірін тіркеген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары