Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде қызықты байқау жариялады. Ол жолдасы Тұрсынғали Алагөзов орындаған биді дәл қайталай алған адамға 500 мың теңге сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсердің айтуынша, бұл биді айнытпай орындау оңай емес.
"Бұл биді қайталау мүмкін емес деп есептеймін. Бірақ, бәлкім, мен қателесетін шығармын? Жүлде – 500 мың теңге. Тик-токқа #алагузоводинводин хэштегімен салыңыздар", – деп жазды ол Instagram сторисінде.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов өз парақшасында 15 секундтық бейнеролик жариялаған. Онда кәсіпкер араб әуеніне ерекше стильде би билеген. Қысқа уақытта видео миллионға жуық қаралым жинап, әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең таралып, әзілге толы трендке айналды.