Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенге көлік сыйлады (ВИДЕО)

/
Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенге көлік сыйлады (ВИДЕО)
Жеке парақшасынан

Әнші Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенге автокөлік сатып алып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еркеш Хасеннің сөзінше, көлік сыйлау туралы ұсыныс «CoverShow» бағдарламасында басталғанын атап өтті.

«Осыдан екі апта бұрын бағдарламаға қатысушы болып бардым. Әнімді айтып, концерт бітеді. Мейрамбек ағамыз екеуміз мерекелік іс-шараға барып, әнімізді айтып болған соң, «үйге қайтатын көлігің бар ма?» деп сұрады. Ойымда ештене жоқ. Мен «иә, иә такси шақырып қойдым» дедім. Сол жерден әңгіме бітіп, үйге қайттық.

Келесі күні бағдарламаға сарапшы болып, қасында отырғанда Мейрамбек ағам көлігім туралы қайтадан сұрады.

Бағдарлама біткен соң, «маған көлігім жоқ деген сөзің шамалы жүрегіме ауыр тиді. Маған картаңның 16 санын қалдыр. Амандық болса жақын күндері сый-сияпатымды жіберемін. Соған өзіңе ыңғайлы көлік ал!» деді. Мен үшін үлкен сый-құрмет. Аллаға шүкір, маған бүгін Мейрамбек Беспаев ағам көлік сатып алып берді», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары