Перуашев: Азаматтық алушылар емтихан тапсырғандары жөн

Перуашев: Азаматтық алушылар емтихан тапсырғандары жөн

Перуашев: Азаматтық алушылар емтихан тапсырғандары жөн
ашық дереккөзі
Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған консти­ту­ция­лық реформаның барысында жұ­мыс тобы мен Парламент депутаттары Қазақстан Конституциясына бір­қа­тар маңызды толықтырулар енгізді. Нә­т­ижесінде, мемлекеттік, тәуелсіздік, ұлт­аралық және дінаралық келісім, азаматтық мәртебе секілді ережелер әжептәуір күшейтілді. Мәселен, 10-бап бойынша республика азаматтығы ерекше қасиетке ие, сондықтан да терроризм және ұлттық мүдделерге ауыр зардап әкелгендер азаматтықтан айырылуы мүмкін болды. Еуропа тәжірибесі көрсеткендей, жағдайы мүшкіл мемлекеттерден қашып келетін адамның саны артып, миграциялық ағын апатты үрдіске айналды. Оларды қа­былдайтын елдердің бюджетіне қо­сым­ша шығын келіп, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыз ету салаларына жүк түсті және жұмыссыздық артып, қыл­мыстық жағдай нашарлап кетуде. Оның үстіне, өзге тілдегі, мәдениеттегі жә­не этностық құрамы жат елдерден мың­даған мигранттың ба­қылаусыз келуі қа­былдаушы елдердің ұлт­тық бірегейлікті сақтауына қауіп туғызады. Сол себепті де, бірқатар Еуропа мемлекеттері сыртқы миг­рацияны шектеу жөнінде шаралар қа­былдай бастады. Елбасының бейбіт саясаты мен эконо­ми­ка­лық реформаларының арқасында Қазақстан да өмір сүруге қолайлы, тартымды мемлекетке ай­нал­ды. Сондықтан еліміз жақын аймақтардан қашқан босқындар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін. Осы­ны ескеріп, елімізде миг­ра­циялық дағ­­дарысты күтпей-ақ, оны реттеу мен қа­­­зақ­­стандық бірегейлікті қорғау жөнінде ал­­­дын алу шараларын қолға алу керек деп есеп­­­тей­міз. Ең алдымен, заңнаманы Конс­ти­туцияға сәй­кес­тендіру аясында, «Аза­маттық туралы» Заңда Қазақстан Рес­пуб­ликасының аза­маттығын сұ­рау­шыларға емтихан тап­сы­ру туралы нормалар қарастырылуы ти­іс, атап айтқанда: – Республика Конституциясы; – Қазақстанның мәдениеті мен тарихы; – мемлекеттік тіл саясаты жөнінде, т.б. Әрине, кейбір бөлек топтарды мұндай емтиханнан босатуға болады (Қазақстанда ту­ғандар, елімізде жақын туыстары барлар, оралмандар, инвесторлар, ғылым мен техникалық ірі мамандар және т.б.). Бұл ұсыныс ешкімге ешқандай да төз­беу­шілік де­генді білдірмейді, бі­рақ із­денушілердің біз­дің ха­лық пен мем­ле­кет­ті құрметтеуіне тура келе­ті­нін көр­сетеді. Азаматтыққа құқық алу үшін емтихан тап­сыру (Citizenship немесе Naturalization Test) Австралия, Австрия, Германия, Канада, Нидер­ланд, АҚШ, Израиль, Оң­түстік Корея сияқты көп­теген елдерде қол­данылады. Оның үстіне, мұн­дай ем­ти­­­хандарды тапсыру негізінен ақы­лы бол­ғандықтан, бюджетке ешқандай жүк түс­­пейді.Аталған тәртіпті, мүмкін, басқа да жағдайда қол­дауға болады. Кейбір мемлекеттерде емтихандарды аза­мат­тық алғысы келгендер ғана емес, сонымен қа­тар, еңбек мигранттары неме­се ұзақ мер­зімге виза алушылар да тап­сырады. Мысалы, Голландия мен Ре­­сей­де. Оның мақсаты – тілді тү­сінбеу не­месе қалыптасқан дәстүрді біл­меу­ден туын­дайтын жергілікті халықпен жан­­жалд­арды болдырмау. Біздің ойымызша, ұсы­ны­лып отырған бастама конституциялық ре­фор­маға да сәйкес келеді. Азат ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты