Ұлттық құраманың 8 боксшысы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады

/
Ұлттық құраманың 8 боксшысы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Суретте: Айбек Оралбай

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық кезең аяқталып, финалға жолдама алған спортшылар анықталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасынан сегіз боксшы алтын жүлде үшін сынға түседі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлер арасында финалға шыққан қазақстандықтар қатарында Оразбек Асылқұлов (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг) бар.

Әйелдер құрамасынан финалға Бақыт Сейдеш (70 кг), Надежда Рябец (80 кг) және Дина Исламбекова (+80 кг) шықты.

Финалдық жекпе-жектер 9 және 10 сәуір күндері өтеді. Алдымен әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталса, келесі күні ерлер финалы ұйымдастырылады.

Алдағы финалдарда қазақстандық боксшыларды тартысты кездесулер күтіп тұр. Әсіресе, үш жекпе-жекте өзбекстандық қарсыластармен айқас болады.

Айта кетейік, финалистер саны бойынша Қазақстан мен Үндістан (8 боксшыдан) көш бастап тұр. Өзбекстаннан 7 спортшы финалға шықса, Солтүстік Корея мен Қытайдан үш боксшыдан финалға жолдама алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары