Атырауда полицейді балағаттаған әйелге айыппұл салынды

/
Атырауда полицейді балағаттаған әйелге айыппұл салынды
istockphoto.com

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында құқық қорғау органы қызметкеріне былапыт сөйлеген әйелге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 31 наурызда азаматша Л алкогольдік масаң күйде полиция қызметкеріне былапыт сөздер айтып, құрметтемеушілік танытқан.

Л-дың кінәсі сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен және бейнежазбамен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен Л әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, оның жеке басы, материалдық жағдайы және кәмелетке толмаған баласы бар екені ескеріле отырып, айыппұл сомасы 30%, яғни 90 825 теңгеге қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары