Бибісара Асаубаева FIDE үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

/
Бибісара Асаубаева FIDE үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE-нің 2026 жылғы үміткерлер турнирінің үшінші турында Қытай өкілі Чжу Цзиньэрді жеңіп, әлем чемпиондығына таласта маңызды ұпай еншіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдер арасындағы үміткерлер турнирінің үшінші турында Бибісара Асаубаева қара тастармен ойнап, Чжу Цзиньэрді 1:0 есебімен ұтты. Бұл нәтиже қазақстандық шахматшының осы турнирдегі алғашқы жеңісі болды.

FIDE-нің 2026 жылғы үміткерлер турнирі әлем чемпионаты цикліндегі шешуші кезең болып саналады. Жарыс жеңімпаздары қазіргі әлем чемпиондарымен шахмат тәжіне таласуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бұған дейін осы маусымда Бибісара Асаубаева Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирінде бесінші орын алған еді.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары