Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды

/
Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды
istockphoto

Тараз қаласында 35 жастағы ер адамның оқ жарақаты бар мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған. Мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдай 29 наурыз күні таңғы уақытта Сүлейменов көшесіндегі банк бөлімшесінің маңында болған. Қаза тапқан азамат жергілікті нан зауыттарының бірін бұрын басқарған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиғаға қымбат жол талғамайтын көлік сатып алуға байланысты туындаған ірі қаржылық дау себеп болуы мүмкін.

Бұл жайтқа Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство өкілдері мәйіттің табылғанын растады және ресми тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Тараз қаласында ер адамның мәйіті табылуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Дәлелдер жиналып, бекітілуде», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары