Қазгидромет ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

/
Қазгидромет ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады
istockphoto

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 наурыз күні елдің бірқатар бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман болады. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік және шығыс аймақтарында тұман болады. Көкшетауда түнгі және таңғы уақытта тұман сақталады.

Қостанай облысының солтүстік және батыс бөлігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі жоғары. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысының оңтүстік, батыс және орталық аудандарында жаңбыр мен найзағай, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыс және орталық бөліктерінде тұман болады. Ақтауда түнгі және таңертеңгі уақытта тұман сақталады.

Қарағанды облысының солтүстік және шығыс аймақтарында тұман болады.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік бөлігінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында шығыс және оңтүстік-шығыс желі соғып, облыстың солтүстік, оңтүстік және орталық аймақтарында екпіні 15-18 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік және батыс бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында тұман болады. Орал қаласында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.

Түркістан облысының батысында және Түркістан қаласында өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысының солтүстік, оңтүстік және орталық аймақтарында тұман болады. Семей қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз шығыс, солтүстік және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде тұман болады. Петропавл қаласында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының шығыс аймақтарында өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман болады. Павлодар қаласында тұман байқалады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарында тұман болады. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, күндіз шығыс және орталық аймақтарда екпіні 18 м/с болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары